×

Қазақ режиссері түсірген фильм Лос-Анджелесте өткен фестивальде жүлделі болды

«Штурм» фильмі Францияда өткен кинофестивальде де марапатталған еді

 Ербол Тұрымбет 17.05.2022 | 09:38
kazakhfilmstudios.kz

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов түсірген жаңа фильм LA Asian Pacific Film Festival кинофестивалінде Гран-при жүлдесіне (Grand Jury Award for Best Narrative Feature) ие болды.

Фильмдегі оқиға Қаратас ауылындағы мектепте өрбиді. Білім ордасын басып алған белгісіз біреулер оқушыларды тұтқынға алып, оларды босату үшін ешқандай талап қоймайды. Қаладан көмекке шыққан құтқарушылар алай-дүлей соққан ызғарлы бораннан жете алмағандықтан, мектеп ұстазы Тазшы ата-аналардың басын қосып, балаларды босатуға бел буады. 

Фильмдегі басты рөлдерді Азамат Нығманов, Александра Ревенко, Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Нұрлан Батыров, Теоман Хос, Еркен Губашев және Ерден Телемисов сомдайды.

«Штурм» – ресейлік LOOKFILM және FORESTFILM компанияларының қолдауымен ShortBrothers продюсерлік компаниясы түсірген Қазақстан мен Ресейдің бірлескен туындысы. Сондай-ақ жобаны жасауға «Қазақфильм», Cinerental киностудиясы және әйгілі Nomad Stunts каскадерлер тобы атсалысты.

Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында «Штурм» фильмі Францияда өткен Festival international du Film Policier Reims Polar кинофестивалінде Гран-при және сыншылардың жүлдесімен марапатталған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасы материалдық көмек алды

Комиссия үйлер мен аула аумақтарын тексеруді жалғастырып жатыр
01.04.2023 | 09:14

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45