Буллинг жасағандар жауапқа тартылуы мүмкін
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елордадағы 12-қабаттан секіріп кеткен жасөспірімнің өлімі қалай тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алдын ала дерек бойынша буллинг фактісі жоқ. Баланың мінез-құлқы жақсы болған. Мектепте қандай да бір жанжал болмаған. Мен сіздерге алдын-ала ақпаратты айтып отырмын, - деді Игорь Лепеха Үкіметтің баспасөз орталығында.
Министрдің орынбасары заңда буллинг түсінігі барын атап өтті.
Бала құқығы жөніндегі уәкіл буллинг жасағандарды жауапқа тарту туралы ұсынысты айтты. Қазір мұны мемлекеттік органдар талқылап жатыр. Барлық мүдделі мемлекеттік органмен келісіп жатырмыз. Бұл әкімшілік жауапкершілік болатын шығар. (Буллингті) негізінен кәмелетке толмағандардың жасайтыны түсінікті, - деді ол.
Еске сала кетсек, биыл қыркүйекте Астанадағы «Триумф» тұрғын үй кешенінде 14 жастағы жасөспірімнің 12-қабаттың терезесінен секіріп кеткені хабарланған болатын.