Halyq Uni логотип
×

Шетелдегі қазақстандықтар үшін төлқұжат алу жеңілдейді

Мемлекеттік қызметтер цифрландырылады

 Дәурен Ерболат 16.10.2023 | 18:00
Шетелдегі қазақстандықтар үшін төлқұжат алу жеңілдейді
Фото: facebook.com/enpf.kz

Шетелдегі Қазақстан азаматтары үшін төлқұжат рәсімдеу жеңілдейді. Бұл туралы Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, СІМ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша бірқатар шара қабылдаған.

Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметті барынша қолдануға ыңғайлы болуы үшін Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде eGov.kz порталы арқылы көрсетілетін 17 қызметтің 10-ы іске қосылды. Шетелде жекелеген санаттағы электронды визаларды беру, консулдық есепке қою және алу, шетелде ЭЦҚ алу, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік инвесторлық қызметпен байланысты электронды өтініш беру процесі автоматтандырылды, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкіл шетелдегі қазақстандықтарға төлқұжат алу жеңілдейтінін атап өтті.

Қазақстандықтардың сұранысын өңдеу уақытын қысқарту үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелер белсенді қолданылады. Бұл шара шетелдегі Қазақстан азаматтарының төлқұжаттарын (паспорт) рәсімдеу мерзімін, Қазақстан азаматтығын, отбасылық жағдайын және басқа да сұраныстарды растауды 3 айдан 1,5 айға қысқартуға мүмкіндік берді.

Қазақстанның 66 шетелдегі мекемелерінде қазақстандықтарға ыңғайлы болуы үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру және электрондық үкімет порталының барлық қызметіне қол жеткізуді іске асырады. Қазір осы қызметке қосымша 22 консулдық мекемені қосу бойынша жұмыс жүріп жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар «Ұлттық ақпараттық технологиялық» АҚ-мен бірлесіп, консулдықтарға баруды жоспарлау және кезекті болдырмау үшін онлайн брондау сервистері әзірленген.

«Бұл сервис еліміздің 84 шетелдегі мекемелерінде жұмыс істейді. eGov.kz порталында «Консулдық қызметтер» бөлімі құрылып, бұл электронды түрде қызмет көрсетуге, кез келген кезеңде өтінімді бақылауға мүмкіндік береді. Азаматтардың өтініштерін eOtinish порталы арқылы тікелей шетелдердегі мекемелерде қарауға мүмкіндік берілді. Бұл өтініш берушіге жауап дайындау уақытын қысқартады. Порталға 31 шетелдік мекеме қосылған, қазанның соңына қарай барлық қалған шетелдік мекемені қосу жоспарланған», - деді Айбек Смадияров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама