Қазақстандық 15 бала Израильден шығарылды – СІМ

Дәурен Ерболат

Израильдегі елшіліктен 100-ден аса қазақстандық көмек сұраған

Тель-Авив аәуежайы, фото: Xinhua

Израильден қазақстандық 15 баланың ұшып шығуына жағдай жасалды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аумағындағы қазақстандықтарды шығару бойынша шаралар қабылдап жатыр. Оған Қазақстанның Израильдегі, Мысырдағы, Иорданиядағы елшіліктері жұмылдырылған.

16 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның Израильдегі елшілігіне 100-ден аса қазақстандық елден кетуге көмектесу туралы өтінішпен жүгінді. Олардың бір бөлігі қазақстандық дипломаттардың көмегімен елден кетіп қалды.

Кеше Қазақстанның Израильдегі елшілігінің көмегімен 19 қазақстандық, оның ішінде арнайы бағдарламалар бойынша оқыған 15 баланың ұшып шығуы ұйымдастырылды, - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс қайта ушығып, Таяу Шығыста жүрген қазақстандықтарды эвакуациялау басталды.