«Ирина Кайратовна» концертіндегі қайғылы жағдай: мобилограф қазасының алдын ала себебі айтылды

Халық үні

Марқұмның мәйіті сот-медициналық сараптама жүргізуге жеткізілді

Фото: әлеуметтік желідегі видеодан скриншот

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы өлімінің алдын ала себебі айтылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Жылқайдар Шахназ өлімінің алдын ала себебі – жедел геморрагиялық панкреонекроз.

Марқұмның мәйіті 14 қазанда сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Сот  сараптама институтына жеткізілді.

Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, «Ирина Кайратовна» тобының мобилографы Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болды. Біраз уақыттан кейін топ мүшелері сахнаға шығып, мобилографтың қайтыс болғанын хабарлады. Концерт тоқтатылды.