Теміржол бекетін «жармақ болған» семейлік әйелге 17 млн теңге айыппұл салынады
Полиция ғимарат аумағын қоршауға алды
Семей қаласында өткен жұманың түнінде полицейлерге әйел хабарласып, теміржол бекетіне жарылғыш зат қойылғанын айтқан.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі жедел жетті. Азаматтардың қауіпсіздігі мен эвакуациясын қамтамасыз ету үшін полиция ғимарат аумағын қоршауға алды. Теміржол аумағынан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
Қазір барлық тергеу күштері жалған террористті ұстауға жіберілді. Бұл факті ҚР ҚК-нің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша тіркелген. Енді оған 5 мың АЕК (17 250 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға кепілдік беріледі, - деп мәлімдеді Абай облысының полиция департаменті.