Павлодарда полиция басшысына қатысты тергеу басталды
Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады
Павлодар облысы полиция бөлімі басшысының орынбасарына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы облыстық ПД басшысы Василий Скляр айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
13 қазанда Павлодар қаласы полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім басшысының орынбасарына шара қолдану туралы өтініш түсті. Менің тапсырмам бойынша бұл факті негізінде полиция департаменті қызметтік тергеуді бастады, - деп жазды Василий Скляр Facebook-тегі парақшасында.
Полиция басшысы оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеріс барысында анықталатынын атап өтті.
Бұған дейін Telegram-арналардың бірінде Павлодар облысы ПД Жеке қауіпсіздік басқармасы Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімінде болған оқиғаны бақылауға алғанын хабарлаған. Онда бөлім басшысының тергеу жөніндегі орынбасары қоластында қызмет ететін, аяғы ауыр әріптесін ұрды деген күдікке ілінді.