Halyq Uni логотип
×

Жетім балалардың басым бөлігі отбасыларда тәрбиеленіп жатыр – вице-министр

Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс нығаяды

 Дәурен Ерболат 14.10.2023 | 17:17
Жетім балалардың басым бөлігі отбасыларда тәрбиеленіп жатыр – вице-министр
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгінде 22 мың жетім баланың 83%-ы отбасыларда тәрбиеленуде. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің орынбасары Ақмола облысына жұмыс сапарымен барып, Сандықтау ауданы, Макинск қаласы және жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Еділ Оспан педагогтерді оқыту және аттестаттау, мектептердің оқу-материалдық базасын нығайту мен жаңарту туралы айтты.

Биыл 1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымында отбасы, оқушы және мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту үшін Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысын бастады. 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылып жатыр. Ол өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған, - деді вице-министр.

Сондай-ақ ол жетім балаларға қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

3 жылда жетім балаларға арналған ұйымдардың саны 14-ке азайып, 36 балалар үйі балаларды қолдау орталығына айналды. 22 мың жетім баланың 83%-ы отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Біз жетім балаларды қолдау үшін кәсіби патронаттық отбасылар институтын енгізудеміз, - деді Еділ Оспан.

Министрдің орынбасары тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, қосымша білім беру педагогтерінің жалақысын көтеру, мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа ережелері туралы айтып берді.

Бұған дейін Қазақстанда бала асырап алумен тек кәсіби отбасылар айналысуы мүмкін екені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама