Halyq Uni логотип
×

Мас күйде көлік айдаған мектеп директоры қызметінен кетті

Оның тәртібі арнайы кеңесте қаралды

 Дәурен Ерболат 14.10.2023 | 14:38
Мас күйде көлік айдаған мектеп директоры қызметінен кетті
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Павлодар облысында ішіп алып, көлік айдаған мектеп директоры қызметтен кетті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотта мас күйде көлік жүргізген ауыл мектебі директорына қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Іс материалдарына сәйкес Павлодар ауданындағы мектеп директоры мас күйде көлік айдаған.

Білім беру бөлімінің мәліметінше, әдеп жөніндегі кеңесте оған қатаң сөгіс жарияланып, қызметінен босатылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама