Павлодар облысында аудан әкімдігі құрылысқа қауіпті аймақтан 8 жер учаскесін берген
Прокуратура атқарушы органға ұсыныстар берді
Ақтоғай ауданында өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымовтың қатысуымен аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кеңес отырысы барысында Мұратбек Қасымов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының қызметін таныстырды. Сонымен қатар, жұртшылық мемлекеттік органдар басшыларының стихиялық полигондарды жою және сібір жарасы ауруларының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есептерін тыңдады.
Мұрамбек Қасымов атап өткендей, ауданның жергілікті атқарушы органдары 2000-2023 жылдар аралығында әртүрлі тұлғаларға белгіленген санитарлық талаптарды елемей, жер пайдалану және құрылыс үшін қауіпті аймақтан 8 жер учаскесін берген.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік органдар басшыларының атына қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға бюджеттен қаражат бөлу мәселесіне бастамашылық жасау бөлігінде ұсыныстар берді.
Сондай-ақ, жұртшылық сібір жарасы бар жерлеу орындарының жанында жер учаскелерін беру, сондай-ақ жерлеу орындарындағы қоршауларды жөндеуге қаражат бөлу мәселелерін бақылауға алды.