Жетісуда түн ортасында жолда отырған ер адамды көлік қағып кетті (ВИДЕО)
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Жетісу облысында көліктің адамды қағып өлтірген кезі бейнетіркегішке жазылып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болған. Алматы – Өскемен тас жолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кетті. Полицейлер марқұмның түнгі уақытта жол бойында не үшін болғанын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер азаматтарды жолда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.