×

«Мектепте дәретхана қағазы болады». ДСМ оқушылар үшін бұйрыққа түзету енгізбек

Унитаздар жабық кабинада болады, оның есігі жабылады

 Дәурен Ерболат 13.10.2023 | 16:30
Фото: obstanovka.club

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда оқушылар үшін бұйрыққа маңызды түзетулер енгізбек, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жаңа түзетулерге сәйкес, еліміздегі барлық мектептің дәретханасында дәретхана қағазы, сабын, қоқыссалғыш пен есіктерде тиектер орнатылуға тиіс.

Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздар, қол жуатын раквиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағаздары, сол қағаздарға арналған ұстағыштар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады. Мектепке дейінгі даярлық сыныбына баратын балалар үшін арнайы унитаздар орнатылады. Унитаздар жабық кабинада болады, оның есігі жабылады, - деп жазылған бұйрықта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама