Halyq Uni логотип
×

Мешітте ұрлық жасаған тараздық ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 13.10.2023 | 15:42
Мешітте ұрлық жасаған тараздық ұсталды
Фото: polisia.kz

Таразда мешітте ұрлық жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 11 қазанда орталық мешітте белгісіз адам келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, 45 жастағы азаматтың ілулі тұрған күртешесінің қалтасынан құны 250 мың теңге тұратын Oppo 7 телефонын және оның 29 жастағы досының 570 мың теңгелік IPhone 13 телефонын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының бұрын сотты болған 34 жастағы тұрғынын ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, биыл 9 айда 836 ұрлық фактісі тіркелген. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,4 пайыз азайғаны. Оның ішінде телефон ұрлығы 41,7 пайыз төмендеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама