Түркістандық жүргізушілер жолда сақ болуға тиіс (ВИДЕО)

Дәурен Ерболат

Бас полицей тапсырма берді

Фото: Reuters/ PAVEL MIKHEYEV

Түркістан облысында полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлады Polisia.kz.

Соңғы күндері өңірде күн күрт суытып, жауын-шашын жиі жауа бастаған. Соның салдарынан республикалық маңызы бар Алматы – Ташкент – Термес, Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолының беткі қабаты көліктің жарықшамына шағылысып, түнде жүргізушілерге қолайсыздық тудырған. Сондай-ақ күндіз көліктің дөңгелектері жолдан тайып, жол жиегіне шығып кету қаупі туып жатыр.

Осыған байланысты Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов полицейлерге облыстағы барлық жолды тәулік бойы патрульдеуге тапсырма берді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты және көлік апатын болдырмау үшін облыс полицейлері тұрғындарға және көлік жүргізушілеріне ұзақ жолға шықпауды, көліктің мерзімге сай жабдықталуын және жол қозғалысы ережесін қырағы сақтауды ескертеді. Жылдамдық режимін, көліктер арасында қашықтықты сақтау маңызды. Себебі бұл көлік апатын болдырмауға септігін тигізеді.