×

Шымкентте басқарма басшысы пара алу кезінде ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

 Халық үні 13.10.2023 | 08:35
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдіктің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикордың мәліметінше, ол өзінің қарамағындағы жұмысшыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама