Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды
Бұл шара изолятордан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылып отыр
Әлеуметтік желіде 11 мамыр күні Шымкенттегі тергеу изоляторынан күдіктінің қашқан сәті бейнеленген видео тарады. Осыған байланысты қаланың Қылмыстық атқару жүйесі департаменті тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң түрде жазаға тартылды деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бұған қоса, ведомство баспасөз қызметі аталған абақтының тағы 1 қызметкері қызметінен босатылғанын хабарлады.
Қазір тергеу изоляторында қызметтік тексеріс басталып, қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Еске сала кетсек, 11 мамыр күні бұл изолятордан күдікті қашып кеткен. Ол мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған еді.