×

Шымкенттіктерге сақ болуға кеңес берілді

Қатты жел соғып, жаңбыр жауады

 Дәурен Ерболат 12.10.2023 | 17:55
Фото: otyrar.kz

Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

13 қазанда күні бойы қалада қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с-тен 23 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнде 12-14 қазан аралығында ауа температурасы түнде +13-15 градустан +4-6 градусқа дейін, күндіз +23-25 градустан +9-11 градусқа дейін күрт төмендейді, - деп жазылған қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қала тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға шақырады:

  • Аулада және балконда тұрған тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
  • Үйіңізге залалын тигізетін ағаштарды кесіңіз;
  • Көлікті гаражға, ол болмаса, қауіпсіз жерге қойыңыз;
  • Сыртта жүргенде сақ болыңыз, қауіпті жерлерден айналып өтіңіз;
  • Құлағалы тұрған ағаштардан және әртүрлі нысандардан (көпірлер, эстакадалар, құбырлар, электр желілері, ықтимал қауіпті өндірістік нысандар) аулақ жүріңіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама