Шымкенттіктерге сақ болуға кеңес берілді
Қатты жел соғып, жаңбыр жауады
Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
13 қазанда күні бойы қалада қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с-тен 23 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнде 12-14 қазан аралығында ауа температурасы түнде +13-15 градустан +4-6 градусқа дейін, күндіз +23-25 градустан +9-11 градусқа дейін күрт төмендейді, - деп жазылған қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қала тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға шақырады:
- Аулада және балконда тұрған тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
- Үйіңізге залалын тигізетін ағаштарды кесіңіз;
- Көлікті гаражға, ол болмаса, қауіпсіз жерге қойыңыз;
- Сыртта жүргенде сақ болыңыз, қауіпті жерлерден айналып өтіңіз;
- Құлағалы тұрған ағаштардан және әртүрлі нысандардан (көпірлер, эстакадалар, құбырлар, электр желілері, ықтимал қауіпті өндірістік нысандар) аулақ жүріңіз.