Барлық пойыз интернетке қосылады – министрлік
Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр
Елімізде барлық пойызға жаңа қызмет түрі енгізіледі, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Енді вагондарға Wi-Fi қосылады. Нәтижесінде жолаушылар интернет жоқ жерде электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін пайдаланып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көріп, музыка тыңдай алады. Бұл қызмет түрі жолаушылар үшін тегін, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстандықтар вагонда интернетке қосылуы үшін не істеуі керек?
- 1. Жолаушы өз құрылғысында Wi-Fi-ға қосылуға тиіс;
- 2. Тізімнен KTZ желісін таңдауы керек;
- 3. Браузерді ашып, http://vputi.kz сайтына өтуі қажет.