Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Түркістан облысында полицейлер дәрігерге шабуылдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерекке байланысты оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын ұстады, – делінген хабарламада.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.