Ақмола облысында жұмысшы тоққа түсіп, мерт болды
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды
Ақмола облысында жұмысшы тоққа түсіп қалып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 10 қазанда Аршалы аудандық ПБ-ға аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қайтыс болған 56 жастағы жұмысшының экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, 6 мың вольтты электр тоғына түскені белгілі болды.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі («Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, – делінген полиция хабарламасында.
Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.