Астанада тергеу изоляторынан қашып кеткен сотталушы ұсталды

Еркеғали Болатұлы

Енді ол Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша да қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

фото: gov.kz

Астанада тәртіп сақшылары қашып кеткен сотталушыны ұстады, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, кеше қашып кеткен сотталушыны патрульдік жасақ пен криминалдық полиция қызметкерлері ұстаған.

Енді ол Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша да қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл баптың санкциясында 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – делінген полиция хабарламасында.

Еске сала кетсек, 11 қазанда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті елордада полициядан қашып кеткен сотталушының іздестірліп жатқанын растаған болатын. Ол өзін полицейлер тергеу изоляторына жеткізген кезде қашып кеткен.