Қымбат көлік айып тұрағына қойылды
Шымкентте 8 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қала көшелерін патрульдеу кезінде полиция инспекторлары берешегі бар көлік иесін тоқтатты. Оның айыппұлды төлемей жүргені «Қорғау» бағдарламасы арқылы анықталды.
Бұған дейін жүргізуші бірнеше рет жол ережесін бұзып, шамамен 200 мың теңге төлеуі керек болған. Алайда ол бұдан да жалтарған.
Toyota Land Cruiser-ді тізгіндеген жүргізушінің 8 млн теңге қарызы бары анықталды. Полиция оған қарызды төлеу керектігін ескертті.
Қымбат көлік айып тұрағына қойылды. Енді жауапсыз жүргізуші Toyota Land Cruiser-ге тек қарызын өтеген соң отыра алады.