Halyq Uni логотип
×

Павлодарда қала әкімдігі инвестордың құқығын бұзған

Облыс аумағында 30 инвестор 2,1 трлн теңгеге өз жобаларын іске асырып жатыр

 Динара Амантай 11.10.2023 | 10:29
Павлодарда қала әкімдігі инвестордың құқығын бұзған
Фото: Halyq Uni

Павлодарда қала әкімдігі инвестордың құқығын бұзған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратураның мәліметінше, облыс аумағында 30 инвестор 2,1 трлн теңгеге өз жобаларын іске асырып жатыр.

Ведомство өкілдері уәкілетті органдар тарапынан инвесторлармен жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын, өзара іс-қимылдың жоқтығы және олардың заңды құқығы бұзылғанын анықтады.

Павлодар қаласының әкімдігі сәулет заңнамасының талаптарын бұза отырып, қаланың бас жоспары өзгерген кезде «Сүт» АҚ жұмыс істеп тұрған зауытын жаңа орынға көшіру туралы мәселеге бастамашылық жасаған («Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 47-бабы 3-тармағының нормалары бұзылған), – делінген хабарламада.

Инвестордың айтуынша, орналасу жерін өзгерту ірі қаржылық шығындарды қажет еткен.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды бұрынғы жер учаскесінде сақтау туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама