×

Атыраулықтар Хиуаз Доспанованың ескерткіші қайда жоғалып кеткенін түсінбей қалды

Бұл жайтқа қатысты құзырлы органдар мен қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасамаған

 Еркеғали Болатұлы 16.05.2022 | 15:00
фото: ашық дереккөз

Атырауда батыр ұшқыш Хиуаз Доспанованың ескерткіші жоғалып кетті. Қала тұрғындарының айтуынша, белгісіз біреулер мүсінді дөрекі түрде бұзып әкеткен.

Орталық көпірдің астындағы әйгілі ұшқыштың бюсті бар саябақтың негізі 2010 жылы қаланған. Ескерткіш те содан бері тұрған болатын. Қазір оның орнында QR-коды бар тіреуіш пен «Тарихи-мәдени мұра нысанын мемлекет күзетеді» деген жазу ғана қалған.

Доспанованың ескерткіші бар саябақ қаланың көрнекі жері еді, - деді «Мой город» порталына, жақын маңда тұратын тұрғындар.

Бұл жайтқа қатысты құзырлы органдар мен қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасамаған. Алайда ескерткіш Бірінші аймақта орналасқан Хиуаз Доспанова атындағы мектеп территориясынан табылды. Мектептің құрылуына 70 жыл және Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай, білім ордасында ескерткішті салтанатты түрде таныстыру рәсімі өткен. Іс-шараға ұшқыштың ұлы Ерболат Әміров қатысқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама