Қостанай облысында рейстік автобус пен жүк көлігі соқтығысты
Сотқа дейінгі тергеуді басталды
Қостанай облысында рейстік автобус пен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 9 қазанда сағат 7:30-да Алматы – Екатеринбург автожолында Екатеринбург – Рудный бағытындағы халықаралық рейстік автобустың 68 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған Kia Sportage және MA3-551605 көліктерімен соқтығысқан. Жеңіл көлік пен автобус жүргізушісі, сондай-ақ автобустың 18 жолаушысының бірі зардап шекті.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.