×

Қыркүйекте коронавирус жұқтырған 500-ге жуық науқас тіркелді

Бас санитар әзірге Қазақстанда карантиндік шектеу енгізу мәселесі күн тәртібінде жоқтығын айтты

 Дәурен Ерболат 09.10.2023 | 15:33
Айжан Есмағамбетова, фото: ОКҚ

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас санитардың айтуынша, қазір Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Биыл тамыз айында коронавирус жұқтырған 300-ден аса адам тіркелсе, ал қыркүйекте 500-ге жуық адамнан коронавирус анықталды. Дегенмен, бұл жағдай өткен жылмен салыстыруға келмейді. Себебі, былтыр осы кезеңде коронасирус жұқтырғандардың саны 411 мыңға жеткен, - деді Айжан Есмағамбетова.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, ДДСҰ тіркеген коронивиустың мутацияға ұшыраған жаңа түрлерін министрлік бақылап отыр.

Бүгінде (жаңа штамм жұқтырып – авт.) ауруханаға түсу, қайтыс болу деректері тіркелмеді. Жалпы жағдай тұрақты.

Қыркүйектегі жағдайға тоқталайын. Елімізде әлі Омикрон штамы мен оның бірнеше түрі (100%) тарап жатыр, коронавирустың жаңа «Эрис» штамының тарауы – 25%, - деді Бас санитар.

Бас санитардың айтуынша, республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың аз бөлігі ғана ауруханада емделіп жатыр.

«Біз ауруханаға жатқызылғандар мен аурудан қайтыс болғандар санының артқанын көрмедік. Қазақстан бойынша «коронавирус жұқтырды» деген диагнозбен 23 адам ауруханада емделіп жатыр. Жағдайы ауыр – өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар жоқ», - деді Айжан Есмағамбетова.

Одан бөлек, Айжан Есмағамбетова карантин шектеуін енгізу жайлы айтуға әлі ерте екенін атап өтті.

Біз коронавирус пандемиясын басымыздан өткердік. Денсаулық саласында жарияланған төтенше жағдай бойынша жинаған тәжірибеміз бар, - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама