Halyq Uni логотип
×

Израильден қазақстандық азаматтарды алып қайту үшін әуе рейсі жоспарланып отыр

Әуежайға рейстің келу және ұшу уақытын келісу күтіледі

 Динара Амантай 09.10.2023 | 13:43
Израильден қазақстандық азаматтарды алып қайту үшін әуе рейсі жоспарланып отыр
Фото: Halyq Uni

Израильден қазақстандық азаматтарды алып қайту үшін әуе рейсі жоспарланып отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 10 қазанда «Эйр Астана» әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту бойынша Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы – Тель-Авив – Алматы бағыты бойынша КС-6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр. Алматы қаласынан ұшу сағат 08:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған, – делінген хабарламада.

«Эйр Астана» әуе компаниясының ақпараты бойынша қазір Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан әуежайға рейстің келу және ұшу уақытын келісуі күтіліп отыр. Барлық сұрақтар бойынша әуе компаниясының help.airastana.com қолдау орталығына хабарласу қажет. Тел.: +7 (727) 244 44 78 (қоңыраулар үшін) және +7 702 702 0074 (WhatsApp).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама