Halyq Uni логотип
×

Шымкентте үш жасар бала 4-қабаттан құлап кетті

Қазір облыстық клиникалық балалар ауруханасында жатыр

 Еркеғали Болатұлы 09.10.2023 | 12:40
Шымкентте үш жасар бала 4-қабаттан құлап кетті
фото: lotosgtrk.ru

Шымкентте ата-анасының қарауынсыз қалған 3 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті. Оқиға қаладағы Сайрам шағын ауданында болған.

Қазір сәби Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр. Оған мидың шайқалуы, жіліншіктің жабық сынуы, іштің доғал жарақаты диагнозы қойылып отыр.

Алдын ала болжам бойынша, бала москит торына сүйеніп, сонымен бірге құлап кеткен. Осы уақытта анасы басқа бөлмеде болған. Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар! - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.

Жалпы, жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауының 7 фактісі тіркелген. Оның үшеуі көз жұмып, төртеуі жарақат алған. Бәрінде де сәбилер ата-анасының қарауынсыз қалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама