Halyq Uni логотип
×

Жағдайы төмен 1,5 млн қазақстандық МӘМС жүйесіне енбеген

Жүйеге енбеген 3,2 млн қазақстандықтың арасында тұрақты табысы бар азаматтар да бар

 Дәурен Ерболат 09.10.2023 | 12:15
Жағдайы төмен 1,5 млн қазақстандық МӘМС жүйесіне енбеген
Ажар Ғиният, фото: ОКҚ

Қазақстанда жағдайы төмен 1,5 млн қазақстандық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енбеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстанда 3,3 миллионнан астам азамат МӘМС жүйесіне енбеген. Денсаулық сақтау министрі олардың кімдер екенін айтты.

«5 жыл бұрын заң енгізілгенде әрбір азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде болу керек еді. 5 жыл болды, алайда 3 млн-нан аса адам осы жүйеге әлі кірмеген.

Отбасының цифрлық картасы бойынша біз (МӘМС) жүйеде жоқ адамдардың кім екенін, олардың жеке нөмірі арқылы анықтап, сараптама жүркіздік. Сонда осы адамдардың ішінде 800 мыңдайы жағдайы жақсы екенін, басында үйі, тұрақты табысы барын анықтадық. Цифрлық картадан бәрін көруге болады. Олар жүйеге кірмей отыр», - деді Ажар Ғиният Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, жалпы декларация тапсырғанда бұл адамдарды МӘМС жүйесіне тартуға болады. Бірақ қазір олар МӘМС-ке төлейтін жарнадан бөлек басқа да салықтарды төлемей отыр.

1,5 млн адам – жағдайы төмен. Сондықтан біз оларды медициналық сақтандыру жүйесіне енуін бюджет есебінен болсын деген ұсыныс енгізіп отырмыз. Бұл мәселе депутаттармен және Үкіметпен, басқа органдармен талқыланады, - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама