Жаппай улану салдарынан 2 бала көз жұмып, 12 бала ауруханаға түскен
Еске салайық, биыл 30 шілдеде Қарағанды облысындағы балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланған болатын. Салдарынан 2 бала көз жұмған еді, 12 бала ауруханаға түсті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалардың улануына тамақтың қатысы жоқ.
Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану салдарынан зардап шеккен екі науқас облыстық балалар клиникалық ауруханасынан шығарылды. Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Басқарманың хабарлауынша, 12 тәрбиеленушісінің жағдайы жақсарып, әлеуметтік мекемеге оралған. Зардап шеккен балалардың бәрі орталық дәрігерлерінің бақылауында.
Қарағандыда балалардың жаппай улануы бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, тергеу органдары улану себебін анықтап жатыр. Прокуратура әлі тексеруін жалғастырып жатыр.