«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 700-ден аса адамға сыйақыларды заңсыз есептеген

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Фото: Halyq Uni

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 700-ден аса адамға сыйақыларды заңсыз есептеген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көлік прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтаған.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден 7 жыл бұрын өткен зейнеткердің атына ақша аударып отырған. Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға 5 жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдік, өтемақы төлемдері мен сыйақыларды беріп отырған.

Қазір заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген прокуартура хабарламасында.