Щучьеде колледж студенті өлі табылды
Марқұмның аты-жөні – Роман Бодагов
6 қазанға қараған түні Щучьедегі теміржол бойынан Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті өлі табылды.
Марқұмның аты-жөні – Роман Бодагов. Полиция мәліметінше, оның мәйіті Бурабай курорты мен Жамантұз арасындағы учаскеде теміржол бойынан табылған.
Қайғылы оқиғаға байланысты Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР ҚК-нің 344-бабы 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу») бойынша соталды тергеу басталды. Қазір іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Өзге мәлімет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес, тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.