Астана әуежайында коллекциялық монеталарды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңге болды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласының халықаралық әуежайында коллекциялық монеталарды заңсыз тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін Астана қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері прокуратура және әуежайды тексеру қызметімен бірлесіп, декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады.
Алдын ала деректер бойынша номиналы 100 және 50 мың теңге, сондай-ақ салмағы 2 және 1 келі монеталар тиісінше 999 сынамалы алтыннан жасалған. Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңге болды, – делнген хабарламада.
Құқық бұзушылар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді.