Halyq Uni логотип
×

Астанада танысының қомақты ақшасын қолды қылған алаяқ сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енді

 Динара Амантай 07.10.2023 | 13:00
Астанада танысының қомақты ақшасын қолды қылған алаяқ сотталды
Фото: Halyq Uni

Астанада танысының 60 млн теңгесін қолды қылған алаяқ сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқыру туралы іс қаралған.

Соттан анықталғандай, 2015 жылы сотталушы өзінің танысын алдап, оған бірлескен бизнес жүргізу үшін ақшаны қалай салу керегін ұсынған, оған танысы сеніп, ЖШС-ның жарғылық капиталын сатып алу жөніндегі тиімді бизнес жасауға келісіп, сотталушыға 61 млн теңгеден аса ақша берген.

Жасалған қылмыстың мән-жайын ескере отырып, сот үкімімен ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама