ҰҚК Алматы облысында діни радикалды ұстады
Ол бұрын жеңіл қылмыстар жасағаны үшін сотты болған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен террористік идеяларды интернет арқылы насихаттады деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның тұрғылықты жерінде тінту кезінде діни кітаптар мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Ведомствода атап өткендей, ұсталған азамат бұрын жеңіл қылмыстар жасағаны үшін сотты болған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай, Шымкент, Ақтөбе қалалары мен Ұлытау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарынан да діни радикалдарды ұстаған еді.