×

Еліміздің алты өңірінде департамент басшылары жазаланды

Бас прокуратура тексеру нәтижесін жариялады

 Қымбат Елтайқызы 16.05.2022 | 11:30
фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, елімізде рұқсат етілмеген полигондардың көлемі азаймай тұр.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» мекемесінің ғарыштық бақылау нәтижесіне сәйкес, өңірлерде жыл сайын 9 мыңға жуық жаңа полигон анықталады. Мысалы, Алматы қаласының прокуратурасы Алатау, Медеу, Түрксіб аудандарынан 17 коммуналдық және өндірістік қалдықтар көмілген жерді тапқан. Қазір прокуратураның талабы бойынша қоқыс полигондары жойылды», – деді Дүйсембай.

Жалпы, тексеру қорытындысы бойынша, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы экология департаменттерінің басшылары, сондай-ақ профильді министрліктің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапқа тартылды.

Табиғат қорғау инспекторлары бюджетке 33 млрд теңгеге жуық экологиялық шығынды, сондай-ақ 12 млрд теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұлды өндірді. Үкіметке заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді, – дейді ол.

Бұған дейін Ақтөбенің қауіпті өндірістік қалдықтар астында қалып отырғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама