×

Құзырлы органдар бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың 30 мүшесін ұстады (ВИДЕО)

Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында бір мезгілде ұстау шаралары жүргізіліп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 05.10.2023 | 15:20
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстанда ҰҚК, ІІМ және Бас прокуратура жүргізген арнайы операция барысында ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің саны белгілі болды.

ҰҚК мәліметінше, қазір 30-дан аса адам қамауда отыр. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция әлі де жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда ҰҚК мен ІІМ қызметкерлерінің қылмыстық топтарды жаппай ұстап жатқаны хабарланған болатын. ҰҚК мәліметінше, бүгінде Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында бір мезгілде ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама