Halyq Uni логотип
×

Операция жасалған: министр Алматы облысында зорланған балалар туралы айтты

Науқастардың жағдайын дәрігерлер бақылап отыр

 Дәурен Ерболат 05.10.2023 | 14:53
Операция жасалған: министр Алматы облысында зорланған балалар туралы айтты
фото: ОКҚ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы қаласында зорланған 7 жасар оқушы мен Алматы облысында өгей нағашы атасы қорлаған 3 жасар егіздің жағдайы туралы айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Балалардың жағдайы – орташа ауыр. Медицина қызметкерлері оларды қабылдаған кезде ересек балалардың зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтады. Балалар толық тексеріліп, құқық қорғау органдарына уақытында хабар берілді. Олардың жарақатына байланысты операция жасалды, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда Ажар Ғиният қай балаға ота жасалғанын нақтыламады.

Бұл пациенттердің жеке дерек екенін ескеріп, қандай операция жасалғанын айта алмаймын. Олардың дене мүшесінде жарақат болғандықтан дәрігерлер тиісті операцияларды жүргізді, - деді ведомство басшысы.

Сөз соңында дәрігер балалар оңалтаудан өтіп, оларға психологиялық көмек берілетінін жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы мектепте 7 жасар оқушы зорланғаны хабарланған еді. Полиция баланың анасы түсірген арыздың негізінде қылмыстық іс қозғаған. Сондай-ақ Алматы облысының Бақанас ауылында 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасының зорлағаны белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама