Биыл қос азаматтығы бар 500-ден аса адам анықталған
Олардың арасында шенеуніктер де болған
2023 жылы елімізде қос азаматтығы бар 500-ден аса адам анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ІІМ қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша үнемі жұмыс жүргізеді.
Қазақстан Конституциясында қос азаматтыққа тыйым салынған. Барлық елдегі әріптестерімізбен бірге осы бағытта жұмыс істейміз. Былтыр 800-ден аса дерек анықталды. Биыл осындай 500-ден астам жағдайды тіркедік. Бұл адамдардың бәрі Қытай азаматы емес. Негізінен бұл – бұрынғы ТМД елдерінің (Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстан) азаматтары, - деді Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан шыққан соң.
Қос азаматтығы бар адамдардың арасында шенеуніктер де болған.
«Кезінде бізде аудандық мәслихат деңгейінде, аудандық деңгейде шенеуніктерді анықтаған жағдайлардың болғаны рас. Біз ақпаратты тиісті жерге жібердік. Биыл ондай резонансты фактілер болмады», - деді министрдің орынбасары.