Олар мәселесін заң аясында шешкісі келеді
2023 жылғы 6 айда соттарға қазақтандықтардан 289,5 мың өтініш түскен, деп хабарлады Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.
Комитет мәліметінше, биыл 6 айда бірінші сатыдағы соттардың қарауына 289 500 өтініш түскен. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 19,1% артық.
199 692 өтініш бойынша іс қозғалды. Бұл – былтырмен салыстырғанда, 33,9% көп. Қанағаттандырылған талап арыздардың саны – 117 985, бас тартылған арыздар – 15 006, - деп жазылған хабарламада.
Ең көп өтініш Алматы (69 254), Астана (22 545), Шымкент (14 318) қалаларының және Қарағанды (20 532), Алматы (16 994), Түркістан (13 785) облыстарының соттарына түскен.