Halyq Uni логотип
×

«СҚ-Фармация» компаниясы жемқорлық тәуекеліне тексеріледі

Мәселелерді шешуде қазақстандықтардың пікірі ескеріледі

 Дәурен Ерболат 04.10.2023 | 15:50
«СҚ-Фармация» компаниясы жемқорлық тәуекеліне тексеріледі
Фото: Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекеліне сыртқы талдау жүргізіледі, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Антикор сыртқы талдауды бастаған. Оның шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алу, ауруханалар мен емханаларды салу және жөндеу, сондай-ақ медициналық мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қоры және «СҚ-Фармация» ЖШС қызметі мәселесі зерделенеді.

Талдау агенттіктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізіледі.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдауға қатысуға шақырады.

Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат немесе денсаулық сақтау саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, оларды мына электронды поштаға жібере аласыз: abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама