Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр
Елордадағы ЭКСПО ауданында салынып жатқан ғимарат өртенді, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға туралы ақпарат сағат 15:08-де түскен. Есіл ауданындағы Хусейн бен Талал көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында ғимарат өртенген.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті. Салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында құрылыс материалдары жанып жатты. Өрттің ауданы – шамамен 200 шаршы метр. Оны сөндіруге Астана қаласы ТЖД-ның 20 маманы мен 4 техника жұмылдырылды, – деп жазылған хабарламада.
Өрт сағат 15:55-те ауыздықталған, бірақ толық сөндірілмеген. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.