Ақтөбеде 9-сынып оқушысын көлік қағып кетті
2008 жылы туған қыз жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан
Ақтөбеде жол апаты салдарынан 9-сынып оқушысы ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Қарғалы тұрғын алабының 3-шағын ауданында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.
Lada Granta автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 2008 жылы туған қызды қағып кетті, – делінген полиция хабарламасында.
Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда, әсіресе, оқу орындарының жанында мұқият болуға шақырады.