Оның үстінен ұлтаралық алауыздықты қоздыру туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалған
Блогер Диас Құзайыровқа ұлтаралық алауыздықты қоздыру туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ол Риддерге жалғыз қазақтілді мектептің неге жабылып жатқанын анықтау үшін барған. Осыған байланысты жергілікті әкімдік пен мәслихаттан «заңсыздыққа жол бермеуді» сұрапты. Сол сәтте блогер шенеуніктерден өзіне тек қазақ тілінде жауап беруді талап еткен.
Содан кейін ол өзіне ұлтаралық алауыздықты қоздыру туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және үйіне тінту жүргізілгенін хабарлады.
Айта кетсек, Диас Құзайыров – Қазақстанда «Тіл патрулі» қозғалысын жандандыруға тырысып жүрген белсенді. Ол қозғалыстың белсенділері үнемі қызмет көрсету саласының өкілдерінен мемлекеттік тілде сөйлеуді талап етіп жүреді.