Ол тек желіде ғана отырмай, ел ішін аралап, басына ауыр сынақ түскен адамдарға ерік-жігер сыйлап жүр
«Сұрауы бар» Youtube арнасында тағдырдың сынағына сынбаған қыз жайлы репортаждың екінші бөлімі жарияланды.
Айсұлу Сүлейменова 20 жасында жол апатына түсіп, қос аяғынан айырылған. Алайда қос аяқтың жоқтығы оған еш кедергі емес. Ол келесі жылы Парижде өтетін паралимпиада ойындарына қатысуы мүмкін.
Айсұлу қазір күнделікті спортпен белсенді айналысып, әлеуметтік желіде халыққа мотивацияға толы әңгімелер айтуды қолға алған. Бүгінде ол тек желіде ғана отырмай, ел ішін аралап, басына ауыр сынақ түскен адамдарға ерік-жігер сыйлап жүр.
Мен көп адамдарға мотивация беріп жатырмын деп ойлаймын. Өйткені маған кері байланыс жақсы. Барлығына әсер етеді. Көп адам «сіздің сөздеріңізге рахмет, мен сіздің қолдауыңыздан кейін спортқа келдім», «ажырасқаннан кейін өмір жоқ деп ойладым, бірақ сізді көргеннен кейін өзімді қолға алдым» деп хабарласады. Мен бәрін дұрыс деп істеп жатырмын деп қуанамын, - дейді Айсұлу Сүлейменова.
Сынаққа сынбаған қайсар қыз туралы материалдың екі бөлімін де көруге кеңес береміз.