Кінәлі полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Жетісу облысында 7 кәсіпкерге айыппұл заңсыз салынған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге қатысты тексеру жүргізуге мораторий жарияланғанына қарамастан, тиісті актіні енгізбей, Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданының 7 дәріханасын тексерген.
Өз әрекеттерінің заңсыздығына қарамай, полиция аталған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы материалдар жинаған (дәрі-дәрмектерді рецептсіз босату) және фармацевтикалық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолдаған, – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша іс-қимылдардың заңсыздығын ескере отырып, тексеру іс-шаралары заңсыз, ал олардың нәтижелері жарамсыз деп танылды.
Кінәлі полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.