Биыл 6 оқушы есірткі қылмысын жасады деген күдікке ілінді

Дәурен Ерболат

Полиция істі тергеп жатыр

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

2023 жылы 29 жасөспірім есірткі қылмысын жасады деген күдікке ілінді. Оның ішінде 6 оқушы бар. Бұл туралы Ішкі істер министрінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Ақтөбеде есірткіге қарсы өңірлік штабтың отырысы өткен. Отырыста кәмелетке толмағандарды есірткінің заңсыз айналымына тарту мәселесі қаралған.

Егер 2020 жылы олар 15 есірткі қылмысын жасаса, оның бесеуі сатуға қатысты. 2021 жылы бұл көрсеткіш 26 фактіге өскен, оның 10-ы сатуға қатысты. 2022 жылы кәмелетке толмағандар 25 есірткі қылмысын жасаған. Олардың жартысы (он екі факті) – есірткіні сатуға қатысты. Биыл қылмыстық іс жүргізуге кәмелетке толмаған 29 бала тартылды. Оның ішінде колледждің 13, жоғарғы оқу орындарының 3 студенті және 6 оқушы бар, - деді ресми өкіл ІІМ-де өткен брифингте.

Шұғыла Тұрлыбек балалардың 18 жасқа толмағанын нақтылап, бүгінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты.