Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni nілшісі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке 65 және қылмыстық жауапкершілікке 18 азамат тартылған.
Талдау барысында 1,4 млн теңге берешегі бола тұра, табыс көзін жасырып және алимент төлеуден бірнеше жыл бойы жалтарып жүрген азамат анықталды. Әкімшілік сотпен ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 669-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, 2 тәулікке қамаққа алынды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сонымен қатар прокурорлармен 3 баланың әкесінің ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамай, алимент төлеуден жалтару фактісі анықталды. Аталған азамат тұрақты табыс көзінің болуына қарамастан, 3,3 млн теңге алимент берешегін төлеуден жалтарып жүрген. Қалалық сотпен ол Қылмыстық кодекстің 139-бабымен кінәлі деп табылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыс және 1 жыл бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарылды.
Бұдан бөлек, алимент төлеуден жалтарып жүрген 17 азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.