×

Бұрынғы Қорғаныс министрі 15 жылға сотталуы мүмкін

Қазір ол қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша қамау изоляторында отыр

 Дастан Жұмабекұлы 15.05.2022 | 12:44
Фото: gov.kz

22 ақпаннан бері қамауда отырған бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап берген Бас прокуратура хабарлады.

2022 жылдың 19 ақпанынан бастап оған қатысты Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеу жүргізіп келеді. Күдіктінің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 451-бабының 3-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша қарастырылуда, -  деп хабарлады Бас прокуратура.

Осы бапқа сәйкес, әскери жағдайда билікті асыра пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бас прокуратура тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

19 қаңтар күні Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алды.

Ақпан айында Мұрат Бектанов қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама